“Халық сайлайды деп ойладың ба? Мен ұялдым сен үшін!”: Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға ашулы екенін жеткізді

Фото: ЖИ

Шоу-бизнес
198

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матаймен болған оқиғасын айтып, ренішін білдірді. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әнші жақында бір отырыста Аша Матаймен кездесіп қалған. Меруерт Түсіпбаева амандасқанымен, оның сәлемін Аша Матай алмағанын жеткізді. Өнер иесі бұл әрекетті кейінгі жағдайлармен байланыстырып, өз ойын айтқан. 

«Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме, кім біледі? Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Негізі, үміткер ханымға айтпағым – нағыз мәдениетсіздік қой, сәлемді алмау. Әсіресе үлкен ортада, жан-жағымыз зиялы қауым. Мен ұялдым сен үшін!» – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Сондай-ақ әнші Аша Матайдың депутаттыққа үміткер болғанына қатысты пікір білдіріп, оның қоғамдық мәселелерге белсенді араласпағанын сынға алды.

«Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің? Наивно полагать. Шутишь? Я думала, ты шутишь», – деді ол.

Меруерт Түсіпбаева жазбасында әдеп пен үлкенге құрмет көрсету мәселесіне де тоқталды.

«Этикет бойынша жасы үлкен сәлем береді, жасы кіші ілтипатпен, депутатқа үміткер болса да, қабыл алады», – деп түйіндеді әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотталған Шерхан Аймаханға тағайындалған өмір бойына бас...