«Екі жарым жыл ішпедім»: Мұрат Әбілда абақтыда өмірі өзгергенін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
504

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Екі жарым жылдан соң бостандыққа шыққан ол жақында желідегі тыңдарманын жаңа туындыларымен қуантпақ.

Бұл жайында Мұрат Әбділдә Qogam Dauysy жобасына берген сұқбатында айтты. Ол абақтыға жатуының да өзіндік пайдасы болды деп есептейді.

«Мұның да қайыры бар деп ойлаймын. Барлығы біледі, мен ішетінмін. Ал түзету мекемесінде арақ-шарап жоқ. Сондықтан екі жарым жыл қаным таза болды, ішкен жоқпын. Бостандыққа шыққан соң да өзіме деген сенімділік пайда болды, ішкен жоқпын. Алланың қайырлы бір ісі сол болды. Екіншісі, бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі сазгермін. Қазақ елі менің сазгер екенімді біледі, 22 әнімің біреуі өзімдікі. Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес, қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер болады. Сөзін де өзім жаздым. Қыркүйек айының соңында «Маған ұнайсың» деген керемет әнімді сіздерге ұсынамын», – деді Мұрат Әбділдә.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...