Еркеш Хасен әнші Қобыланды Болаттың өнерін сынап тастады

Фото: видеодан скриншот

Шоу-бизнес
119

Әнші Еркеш Хасен «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында Қобыланды Болаттың ән айтқандағы эмоциясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жобада Еркеш Хасен мен Қайрат Әділгерей төрелік еткен.

Әншінің айтуынша, бұл әнді орындау барысында айқайға салудың қажеті жоқ. Ол өз пікірін көрермен ретінде ғана емес, өнер саласында білім алған адам ретінде жеткізді.

«Қарсылық танытып жатыр деп айып етпеңіздер. Бірақ мен оқыған адам ретінде айтайын. Менің ойымша, бұл әнде айқайға салудың ешқандай реті жоқ секілді. Тек көрермен ретінде ғана. Қайрат аға, бұл эмоция емес, бұл айқай», – деді Еркеш Хасен.

Әншінің әріптесіне айтқан сынынан кейін, Қайрат Әділгерей әзілмен Еркешке тиісіп, әншінің эмоция көрсеткенін алға тартты.

Бағдарламадағы бұл сәт әлеуметтік желіде жан-жақты талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммит...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2030 жылға қарай зейнетақы активтерінің 20–30 пайызын отандық жеке басқарушы компа...