«Арбаға танылып, қиналып қалдық»: Әнші Нұрлан мен Мұрат ешкімге айтпаған сырларын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1668

Қазақ эстрадасы өкілдері Нұрлан мен Мұрат Қазақстан телеарнасының "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат беріп, өмірлеріндегі қиындықтары туралы айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Сұхбат барысында жүргізуші олардың денсаулығы туралы сұраған.

"Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бірақ Мұрат екеуіміздің арамызда ерекше бір байланыс бар сияқты. Мен ауырсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Маған қайғы түссе, көп ұзамай Мұрат та сондай жағдайды бастан кешіреді. Неге екенін білмеймін. Менің анам дүниеден озды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың анасы да өмірден өтті. Мен ауырғанда үш жыл бойы арбада отырдым, ал Мұрат жақында ғана арбадан шықты. Осындай сәйкестіктер жиі болып тұрады. Сондықтан Мұрат маған үнемі: "Нұреке, абайлап жүрші" деп әзілдейді", – деп бөлісті Нұрлан.

Өз кезегінде Мұрат тыңдармандардың жаңа әндерден гөрі бұрынғы хиттерін көбірек сұрайтынын атап өтті.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...