«Не үшін жасыруым керек?»: Сейфуллин Жолбарыстың әйелі ажырасу себебін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
559

Әнші Сейфуллин Жолбарыстың экс әйелі Екатерина Вайт тележүргізуші Анна Данченкоға алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz ұлттық порталы  сілтеме жасап.

Екатерина Вайт 16 жыл бірге тұрған жарымен не себепті ажырасып кеткендерін айтты.

"16 жыл бірге өмір сүріп, ажырасып кету әрине өте қиын... Ажырасқанымызға 2 жыл болды. Бұл менің шешімім бола тұра, жаман қиналдым. Біз ажырасқаннан кейін Сейфуллин қайта қосылуымызға талай мүмкіндік жасады. Мен қыздарымды алып, бөлек шығып кеттім. Қасымызға келеді. Мен де "Жарайды, кешіре салайын. Мүмкін отбасы болып кетерміз" деп үйге кіргізіп алған сәттерім болды. Сол арада ол "Бұл жайлы ешкімге айтпай-ақ қой. Білдіртпей-ақ қояйық. Өйткені сен сүрініп бара жатқан жеріңнен саған ешкім қол созбайды. Керісінше аяғыңды шалады. Сондықтан сыр білдірмей, жүре бер" деді. Жарайды дедім. Ер адам ғой. Мінезім қандай болса да, ол ер адам болғаннан кейін мен оның алдында 2 қадам артта тұрамын ғой. Одан кейін қайта айырылысып кетеміз. 2-3 айдан кейін қайта келеді, қосыламыз. Сондай "качеля" кездер болды. Бірақ түбегейлі нүкте қойып "Бұл жүрісіміз болмайды. Ақыры болмағаннан кейін болды нүкте қоя салайық. Сен менің әрқашан да жақын адамым болып қала бересің. Мен сенің рақмет айтатын жерлерім өте көп. Мен сенімен есейдім, ана бақытын сезіндім, әйел бақытын білдім. Жаман жақтарын ойлағым да келмейді, олардың бәрін ойымнан сызып тастадым. Дос болып қалайық. Қыздарымызды бірге бағайық" дедім. Кейін инстаграмға жазған себебіміз де сол. Ол бәріне ажырасқанымды айтып жатыр екенсің дегенде "Мен неге айтпауым керек? Бар нәрсені не үшін жасырып қалуым керек? Бәрібір біз бірге тұрмаймыз. Ертең сен басқа әйелмен мейрамханаға барып, кешкі ас ішіп отырсаң, сонда мен қара бет болып жүремін бе? Елдер не болып жатқанын білсін. Онда тұрған ештене жоқ. Талай адам ажырасып жатыр. Ешкім өліп қалған жоқ. Сенде, менде ары қарай өмір сүре береміз" дедім. Солай осы шешімге келдік. Оған "сен осылай жүре бермей, үйлен дедім". Ол да "Иә, маған да үйлену керек" деді. Әйел адам тұрмысқа шықпаса да, бала шағасымен жүре береді ғой. Ал еркекке қиын. Қасында адам болуы керек. Жақсы бір әйел кездесіп, үйленіп жатса оған тек қана бақыт, денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Бөлек шығуым қыздарымның арқасы десем өтірік айтпаймын. Өйткені менің қандай күйзелісте екенімді олар көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші қыздарым көрді. «Мама, кетейікші» деп қыздарым айтқаннан кейін мен ойлана бастадым. Демек, қыздарыма да ауыр тиіп жатыр. Бұл қиындықты олар көрмеуі керек деп осы жағдайдан алып шықтым", - деді Екатерина Вайт. 

 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...