Салтанат, ата-аналардың көпшілігі қыз баланың өнер жолын таңдауын құп көрмейді. Сіздің өнерді...
«Жастық шақ өтті ішіп»: Төреғали Төреәлі желідегі жазбасымен жұрт назарын аударды
ашық дереккөз
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Threads әлеуметтік желісінде өлең жолдарын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі желідегі парақшасында өткен өмірге көз жүгіртіп, ой салатын жазба қалдырған.
«Жастық шақ біздің өтті ішіп,
Жұрт ұқсап жөндеп іше алмай.
Түспейтін көзге көп түсіп,
Түсетін көзге түсе алмай.
Отырмыз енді көт қысып,
Ұшайын десе ұша алмай», – деп жазды әнші.
Өлең жолдарында жастық шақтағы әрекеттер, жіберілген қателіктер мен уақыт өте келе өзгеретін өмірлік көзқарас сөз болады. Әнші жазбасының астарында нақты қандай оқиға жатқанын түсіндірмеген. Дегенмен оның бұл жолдары өткен өмірге қатысты өзіндік толғаныс ретінде қабылдануы мүмкін.
Әнші ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең жолдарын бөліскен. Желі қолданушыларының арасында «Телефонын алып қоятын адам бар ма?», «Мынаған не болған?», «Абыройын төгіп жүр» деген пікірлер айтылған.