«Жедел жәрдем шақыруыма рұқсат бермеді»: Жазира Байырбекова енесі жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
812

Белгілі әнші Жазира Байырбекова «Мамский әңгіме» подкастының жүргізушісі Айнұр Ілиясоваға сұхбат берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Өнер иесі отбасылық өмірінің бастапқы кезеңдерін еске алды. Әншінің айтуынша, енесі өте қатал кісі болған. Жазира Байырбекова алғашқы жүктілігіндегі қиындықтары жайлы ашып айтты.

«Аралда 1996 жылы босандым. УЗИ-де ұл болатынын білдік. Үйге келіп ұл болатынын айтқанда қатты ұрысқан. Ол кезде ондайды ашық айту ұят болған. Қазір бәрі өзгерді. Босанатын кезде бірінші су кетті. Ол кезде үйде қонақ болған. Қайнығам 25 мүшелін атап өтіп жатырған. Қазандағы палауды көтеріп алып кетіп бара жатқанда зу етіп су кетті. Қазанды қоя салып, енеме бардым. «Жедел жәрдем шақырсам бола ма, су кетіп жатыр» деп айттым. «Ішің кішкене ауырсын» деді. Шамалы уақытта тамақ салып болған соң, тағы су кетті. Жедел жәрдем шақырайын десем рұқсат берген жоқ.  Содан бөлмеге кіріп Жанболатқа айттым. Оған мән-жайды айттым. Содан барып күйеуім барып айтқаннан соң ғана рұқсатын берді ғой», - деді Жазира Байырбекова.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...