“Мөлдір ханымнан қысым болып жатыр”: Тұрсынбектің «екінші» әйелі үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
3052

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі дүйім жұрттан кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол осы уақытқа дейін үнсіз жүруге келіскен екен. Алайда Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген соң, шыдай алмай, үндеу жариялауға тура келгенін айтқан. 

«Мен мынау дүйім халқымнан кешірім сұраймын. Себебі фильм шыққанға дейін үндемей келдім. Арамызда қалады деп келіскенбіз. Бірақ мен жаққа Мөлдір ханымнан қысым болып жатыр. Оны Тұрсынбек те тоқтата алмай отыр. Менің жұмысым тоқтап қалды. Сондықтан амалсыздан үндеуімді жолдап отырмын», — деді ол.

Өнер иесінің екінші жұбайының айтуынша, бастапқыда фильм шыққан соң бәрін жария етуге келіскен екен. Алайда күткен нәтиже болмағандықтан және жұмысын жүргізе алмай қалғандықтан, халыққа мәлімдеуге мәжбүр болған. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...