Жігер Ауыпбаев қойшы бала туралы ел естімеген шындықты айтты

Фото: ашық дереккөзден

Шоу-бизнес
2464

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, көпшілікке "қойшы бала" деген атпен танылған шәкіртімен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Дереккөздің жазуынша, соңғы бес айда екі жанның шығармашылық байланысы үзіліп қалған. Дегенмен бұл кезеңде жас талант қол қусырып отырмаған – ол гитара мен домбыра тартуды меңгеріп, түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

"Қойшы баламмен бір ән жазылды, одан кейін бейнебаян түсіреміз дедік. Бірақ менің басымда жеке проблемалар көбейіп кетті. Бәрі енді реттеле бастады. Шығыс Қазақстан жаққа гастрольдік сапармен бара жатырмыз, өзіммен бірге қойшы баланы алып кетем деп отырмын. Екеуміздің байланыспай кеткенімізге 4-5 ай болған шығар. Сол уақыт аралығында ол бала дамыпты, байқауларға қатысып, жүлделі болыпты", – дейді әнші. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...