«Дәрігердің көзі жасқа толып тұрды»: Ләйлә Сұлтанқызы блогер Елдос Қадырхановтың отасы жайлы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
2365

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Қадырхановқа қалай көмектескенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Медиа маманы блогердің отбасына хабарласып, ұрықтандыру клиникасына шақырған.

“Алдымнан бірнеше рет Елдос пен Таңшолпанның сұхбаты шықты. Бүкіл халық болып, сегіз жылдан бері сол отбасыға сәби нәсіп етуін тілеп жатырмыз. Ол күн де алыс емес. Бір күні көмекшім арқылы Елдостың жары Таңшолпанға хабарластым. “Біздің қор арқылы клиникаға емделуге болады” деп айттым. Олар да осыған дейін шетелдік ауруханаларының есігін тоздырған екен. Менің сөзімді тыңдаса да, селқос жауап берді. Содан бұл іс аяқсыз қалып кетті”, – деп бастады әңгімесін журналист.

Сөзінше, ұзақ уақыттан кейін блогердің әйелі өзі журналистке хабарласып, жолыққысы келетінін жеткізген.

“Бір күні маған блогердің келіншегі хабарласып, шынын айтты. “Біз ұяламыз, жұрт мыналар тағы келіпті” деп қолдарымен шұқып көрсетеді. Сол үшін біз тағы да “жоқ” деген жауапты естігіміз келмейді. Бірақ сіздермен байланысқымыз келеді деді. Бірден ұшып келді. Дәрігерлер олардың өтінішімен қызметтік есіктен кіргізіп, басқа пациенттерге көрсетпеуге тырысты. Жоспарланған ота да сәтті өтті. Тіпті, маған сол жаңалықты дәрігер айтқанда, оның көзі жасқа толып тұрды”, – деді тележүргізуші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...