Мөлдір туған қарындасымдай: Қыдырәлі Болманов Тұрсынбек пен экс-жұбайы туралы жазба жариялады

Фото: MadeniPortal.kz коллажы

Шоу-бизнес
170

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында Мөлдір Мұқанованың жаңа бастамасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол Мөлдір ханымның тұңғыш фильмін тамашалап, жаңа басиамасымен құттықтап, ақ тілегін білдірген. Сөз арасында әнші әртіс Тұрсынбек Қабатов туралы ойын айтып өткен. Ал, Мөлдір Мұқанованы өзінің туған қарындасындай болып кеткен жан екенін де атап өтті. 

"Кеше Мөлдір ханымның ең алғашқы фильмін көріп, құтты болсын айтып, ақ тілегімізді арнап қайттық. Тұрсынбекті дара дарын ретінде өте құрметтеймін. Мөлдір болса – өзімнің туған қарындасымдай болып кеткен жан. Қай кезде барсақ та, ақ дастарханын жайып, кең жүрегімен аппақ ниетін төгіп тұратын осындай қарындасты қалай жақсы көрмейсің?.. "Шай в большом городе" фильмін тамашаладық. Мөлдірдің тырнақалды туындысы өте сәтті шыққан. Кейіпкерлердің қалағаны орындалып, фильм жылы әсермен, көңілге қонымды, өкінішсіз аяқталады. Құрметті оқырман, отандық киноны қолдайық! Аллаға шүкір, өз киноиндустриямыз жыл өткен сайын дамып, өркендеп келеді. Аллаға сансыз мадақ болсын!" – деп жазды Қыдырәлі Болманов. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...