Әнші Зарина Омарова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында өнер жолын қалай бастағанын айтып берді, деп...
Меруерт Өтекешова атышулы Қыз Жібектің камзолына қатысты пікір білдірген
Фото: ашық дереккөзден
«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева продюсер Баян Алагөзованың қолындағы қамзолға қатысты пікір білдіріп, оның түпнұсқа екенін растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жөнінде журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.
Жаңа ғана Меруерт Өтекешева ханыммен атышулы камзол жайлы сөйлестім. Ол Баян қолындағы камзолдың түпнұсқа екенін растады. Кезінде көптеген реквизиттер мен костюмдердің жан-жаққа тарап кеткенін айтты. Музейде сақталған жалғыз ғана нұсқасы бар екен, бірақ оған да дұрыс күтім жасалмай отырғанын жеткізді, — деп жазды журналист.
Сондай-ақ оның айтуынша, көпшіліктің талқысына түскен бұл қамзол осы уақытқа дейін біреудің үйіндегі сандықта сақталып келген.
Бұл камзол қайда сақталуы керек деген сауалға өз пікірін білдіргісі келмеді. Камзол төңірегіндегі әңгіменің тым көбейіп кеткені өзіне аса ұнамайтынын айтты. Ал қазір, актрисаның пікірінше, әңгіме ең алдымен өзі жайлы айтылуы керек. Себебі осы фильмде ойнағандардың ішінен тірі қалған жалғыз өзі екенін айтты. Миллиардердің әйелі мерейтойын тойлап берем дегенге шамасы үміттеніп отырған сияқты әсер қалдырды. Осы жылдың ақпанында Меруерт ханым 75-ке толды. Денсаулық, ұзақ өмір тілейік, қазақ кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан актрисамызға, — деді ол.
Журналист Гүлбану Әбенованың пікірінше, Мәдениет министрлігі бұл мәселеге назар аударып, халықтың қолында жүрген фильмге қатысты барлық құнды заттарды жинақтауы қажет.