Индира Расылхан анасының туған күнін тосынсый етіп, дүркіретіп атап өтті, деп хабарлады madeniportal...
Жұрт құттықтап жатқанда қайғылы хабар жетті: Жахан Отарғалиевтің әйелі жазба жариялады
коллаж MadeniPortal.kz
Танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиевтің жұбайы Сейіт Ақтолқын әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы ауыр жағдай туралы жазды. Ол құрсағындағы сәбиінің жүрегі тоқтап қалғанын айтып, көпшіліктің көңілін босатты, деп хабарлады MadeniPortal.kz
Ақтолқынның айтуынша, Жахан Отарғалиев жариялаған видеоны соңына дейін көрмеген желі қолданушылары ерлі-зайыптыны қуанышты жаңалықпен құттықтай бастаған. Алайда отбасының көптен күткен қуанышы қайғылы жағдайға ұласқан. Желіде тараған құттықтауларға байланысты Ақтолқын жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, сәбиінен айырылғанын жеткізді.
«Көбі Жахан жариялаған видеоны соңына дейін қарамай құттықтауды бастап кетіпті. Өкінішке қарай, бәрі біз ойлағандай болмады. Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды. Бірақ барлығы Алланың қалауымен. Бұйырса, әлі талай армандарымызға жетеміз, Алладан үмітіміз үзілмесін», – деп жазды ол.
Жұбайының жазбасынан отбасы үшін бұл жағдайдың ауыр сынақ болғанын аңғаруға болады. Соған қарамастан Ақтолқын болашақтан үміт үзбейтінін, алда әлі талай армандарының орындалатынына сенетінін білдірді.