«Тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын»: Алты жас кіші жігітке тиген визажист шындықты айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
445

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленген танымал жас әнші Ринат Шамшырақтың жары, кәсіби визажист Аружан Төре ажырасқандарын айтып жан сырын ақтарды,  деп хабарлайды madeniportal.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

"Ақыры ажырасу туралы бастапты, осы уақытқа дейін кім не десе де үндемей шыдап келдім. Мен жылап депрессияда отыратын адамдардың қатарынан емеспін. Бірден осындай шешім қабылдаған жоқпын. Ұзақ ойландым. Енді бұрынғыдай жасырып қалатын нәрселерді жасырып, жақсы көрсетуге тырыспаймын. Оның отбасында бір адамға не істесем де жақпадым. Екі жастың ортасына ешкім басын сұқпау керек, оң мен солымды ажырата алатын жастамын. Мен жалғыз емеспін, өсіп келе жатқан ұлым үшін өмір сүремін, тұрмысқа таяқ жеу үшін шыққан жоқпын. Біздің ажырасуымыздың себебі осы болды. Әрбір әйел шынайы бақытты болуға лайықты. Менің жүрегім тыныштықты қалайды, күнде ондай қырғынмен өмір сүргім келмейді. Осыған дейінгі өмір өтті, бітті! Қосылмаймыз, қосылмаймын да. Маған енді ұят емес!", – деп жазды ол әлеуметтік желіде

Шоу-бизнес

Отандық киножұлдыз, продюсер Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарл...

Қоғам

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейіт өз ана тілінде алмауының себептерімен бөлісті, деп хабарлады ma...