«Тойда мас болғандары ұят болды»: Қыдырәлі Болманов желіде тараған видеоға байланысты пікір білдірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
5765

Атақты продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов Шымкент қаласындағы тойдан кейінгі алыпқашпа әңгімеге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Шымқалада болған осы тойды біреулер ән айтып тұрған видеомыздың бетіне баттитып: «тойда мас болғандары ұят болды», – деп Қарақатты да қосып жіберіпті. 5-6 камера басынан аяғына дейін түсірген, той иесі бар, той қонақтары бар, ұйымдастырушылар, бізге дастарқан жайып, қызмет көрсеткен даяшы қыздар бар. Куә жеткілікті, Құдайға шүкір! Сол қыздар-ақ дастарқанда арақ-шарап болмағанына куә!», – деді ол. 

Қыдырәлі Болманов өзіне қатысты жазылған айыптарға уайымдамайтынын, бірақ жұбайына жала жабуды доғаруды өтінді. 

«Маған не айтсаңыздар да өздеріңіз білесіздер, бар жаманды маған айтыңыздар, өтініш! Қасиетті жерге барып келген сапарымызға көлеңке түсіріп, ол видеоны көрген адамға күмән салып жүрген пенденің мақсаты не болуы мүмкін, құрметті оқырман?! Күнә жинағаннан басқа не пайдасы бар? Осы уақытқа дейін, 25 жылда қол ұстасып, елдің көз алдындамыз, сансыз мадақтар болсын! 25 жылда бірде-бір тойда ешқашан осындай жала жабылған емес, жаман сөз ерген емес!

Есі дұрыс адам Қасиетті Меккеден келе салып, арақ ішеді ме? Оның үстіне, қасиетті ораза келіп қалғанын жақсы білеміз. Өсек-аяң тасып, өтірік айтып, жала жабатындарды Алла кешірсін! Бір Аллаға тапсырдым!», – деп ағынан жарылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Щучинск қаласында жаяу жүргіншілер жолы опырып түскен, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға Атыраудағы Ораза Айт мейрамын тойлау кезінде болған. Кадрларда...