Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына ор...
Джекки Чанның жан досы қазақ екен
Қазақтардың арасынан тұңғыш рет атағы әлемге жайылған Джеки Чанмен жүздесіп, дидарласу бақытына ие болып үлгерген Димаш Құдайбергенов десеңіз қателесесіз! Джекимен суретке түспек түгілі иық тірескен достарының бірі болған қазақ ол - суретші Бексейіт Түлкиев болатын. Ол тек суретші ғана емес, атақты спортшы да болды: карате, у-шу, таэквондо шебері, осы спорт түрінің Қазақстандағы федерациясының тұңғыш президенті әрі қара белбеу (5-дан) иесі екенін көп жастарымыздың біле бермесі анық!Бексейіт өмірден өткенде, бар-жоғы қырық үш жаста болатын.Қазақтың хас батыры Мұстафа Өзтүрік пен Джеки Чан жан достары болды. Өнер мен спортты теңдей ұстады. Бірде Асқар Сүлейменов өмірінің соңында «Парасат» журналында жұмыс істеп жүрген кезі, көк базардың жанындағы баспасөз үйінің баспалдағынан төмен түсіп келе жатады. Ұлты славян қос бұзақы жігіт, адам қарасы жоқтығын пайдаланып, Асекеңнің үстіндегі курткасына қызықса керек, дереу шешіп алмақ болады. Асекең аңтарылып тұрғанда, Құдай жарылқап, Бексейіт жоғары көтеріліп келе жатады. Бірдеңені іші сезе қойған Бексейіт:
- Асеке, мыналарың кім? - дейді ғой. Асекең айтып үлгермей жатып, қос жігіттің жерде жайрап жатқанын бір-ақ көреді. «Ойпырмай, Бексейіттің жылдамын-ай!» - деп, Асқар Сүлейменов жырдай етіп айтып жүрді дейді!