12 жылда оралып Елдос Сметов Азиадада күміске қол жеткізді

Фото: ҰОК

СПОРТ
130

Азиадада Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Париж Олимпиадасының алтын медаль иегері, әлем чемпионы Елдос ХХ жазғы Азия ойындарының финалында (-60 кг) жарыс қожайыны Хаято Кондомен күресті. Тартысты белдесу нәтижесінде жапон спортшысы басым түсті. Осылайша, бүгін Елдос Сметов сары құрлық ойындарындағы үшінші медалін мойнына тағады. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген. Сметов - жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы. 

Айта кетейік, таңғы сессияда Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді (Оңтүстік Корея) таза жықты. Осыдан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайванның (Моңғолия) жауырынын жерге тигізді. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Ян Юнвэйден (Тайпей) басым түсті. 

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс мед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әскери қызмет кезінде қаза тапқан Алмас Көбеновтің отбасының қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет айт...