8 ай күтті: Қазақстандық боксшылар Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін сыйақыны енді алды

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

СПОРТ
123

Халықаралық бокс федерациясы (IBA) 2025 жылғы желтоқсанда өткен Әлем чемпионатының сыйақысын турнирден сегіз ай өткен соң ғана төледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде боксшылар Әлем чемпионатындағы медальдары үшін IBA-дан тиісті сыйақысын алмағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Бүгінде спортшылар сыйақыны толық көлемде алғаны белгілі болды, ал жаттықтырушылар мен федерацияға төлем қыркүйектің ортасында түспек. 

"Сыйақыны үш тарап алуы тиіс - олар боксшылар, жаттықтырушылар және федерация. Бүгінде боксшылар ақшаны алды, ал федерация мен жаттықтырушылар әлі алған жоқ. Бірақ IBA-дан 15 қыркүйекке дейін бұл қаражатты аударамыз деп жазылған хат келді", - деді ҚБФ атқарушы директоры Рауан Игенев тілшімізге берген сұхбатында. 

Қазақстандық боксшылардың медаль үшін қанша теңге сыйақы алатындары да белгілі болды. Жеңімпаздарға 300 мың доллар (156,2 миллион теңге), күміс жүлдеге – 150 мың доллар (78,1 миллион теңге), қола жүлде иегерлеріне – 75 мың доллар (39 миллион теңге), ал ширек финалға шыққандарға – 10 мың доллар (5,2 миллион теңге) тағайындалған.

Осылайша, қазақстандықтар жалпы сомасы 1,24 миллион доллар (645,6 миллион теңге) көлемінде төлем алды.

Айта кетейік, алтын медаль иегерлері: Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (71 келі). Сабыржан Аққалықов (75 келі) күміс жүлдегер атанды. Ал Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) қола жүлдені иеленді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева қызының құдалығына орай Қордайға барғанын әлеуметтік желідегі па...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде көз жұмған Мадинамен перзентханада болған келіншектің жазбасы тарады, деп хабарлайды MadeniP...