Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1246

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіспен бастады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда оның қарсыласы Ботсванадан келген Катлеге Кеорапеце болды.

Жекпе-жек Сәкеннің толық басымдығымен өтті және ол төрешілердің бірауызды шешімімен — 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бибосынов 1/8 финалда өнер көрсетеді.

Әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтеді. Турнир жеңімпаздары 300 000 доллардан, күміс жүлдегерлер 150 000 доллардан, қола медаль иегерлері 75 000 доллардан, ал ширек финалға қатысушылар 10 000 доллардан сыйақы алады.

СПОРТ

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада полиция есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын ұстады...