Қазақстанның 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 жолдама жеңіп алғаны туралы Туризм жә...
Қазақстандық Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
Фото United World Wrestling в X
408
Қазақстандық Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты жазды.
Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Финалдық белдесуде Қазыбек Қалмағамбетов Беларусь балуаны Михаил Марковскийді 13:7 есебімен жеңді.
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар.
Ақтөбе облысының әкімдігі спортшы мен оның жаттықтырушыларын жеңісімен құттықтады. Әкімдіктегілер Қазыбек Қалмағамбетовтың бұл жетістігі Ақтөбе спорты үшін тарихи нәтиже екенін атап өтті.