Бүгін Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түр...
Аяқ киім үшін алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесіне Қазақстан апелляциялық шағым түсірмек
Фото: olympic.kz
Қазақстандық Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында бірінші келді, бірақ алтын медаль ала алмады. World Athletics спортшының аяқ киімі жарыс талаптарына сәйкес келмегенін анықтаған. Енді Ұлттық Олимпиада комитеті тиісті федерацияларға шағым түсірмек, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
27 қыркүйекте қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарындағы спорттық жүріс жарысында бірінші болып мәреге жетіп, Қытай спортшыларынан озып шықты.
Жарыстан кейін World Athletics ережесіне сәйкес әйелдер мен ерлер арасындағы үздік үш спортшының аяқ киімі тексерілді. Тексеру барысында Тоқсанбаеваның аяқ киім үлгісі жарыстарда пайдалануға рұқсат берген модельдер тізімінде жоқ екені анықталды.
Осыған байланысты спортшының аяқ киімі суретке түсіріліп, тиісті ақпаратпен бірге World Athletics-ке ресми қорытынды алу үшін жіберілді. Халықаралық федерацияның жауабы шыққанға дейін марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.
World Athletics-тің спорттық аяқ киімге қатысты талаптары халықаралық федерация кеңесінің 2026 жылы 19 наурыздағы шешімімен жаңартылып, 20 сәуірден бастап күшіне енген. Бұл ақпарат World Athletics-ке мүше барлық ұлттық федерацияларға жіберілген.
Федерация мәліметінше, World Athletics ұйымының жарыста қолдануға рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді бар. Алайда Тоқсанбаева киген аяқ киімнің нақты моделі аталған тізімнен табылмаған.
Федерация маңызды жайтқа назар аударды: Ясминаның аяқ киімі жарыс басталғанға дейін тексеріліп, спортшыға сол аяқ киіммен жарысқа қатысуға рұқсат берілген. Осыған байланысты Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясы қабылданған шешімге наразылық білдіріп, шағым түсірген. Федерация бұл жағдайдағы өз жауапкершілігін де жоққа шығармайтынын айтты.
“Біз үшін Ясмина – чемпион. Федерация оны қолдауды жалғастырады. Біздің жіберген шағымымыз бен наразылығымыздың нәтижесіне қарамастан, чемпионға тиесілі барлық сыйақы Федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді”, – делінген ресми мәлімдемеде.