Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында ұпай жоғалтты

Фото: kff_team

СПОРТ
189

Кеше, яғни 29-нан 30 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан матчта Словакия командасынан жеңілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кездесу C дивизионы 3-тобының екінші туры аясында Кошице қаласындағы "Кошицка футболова арена" стадионында өтті.

Нидерландылық маман Джон ван’т Схип үшін бұл матч ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы ретіндегі екінші ойыны болды. Алғашқы кездесуде Фарер аралдарымен тең түскен болатын - 1:1. Ал, кешегі ойында есеп 2:1 болып аяқталды. Ұлттық құрама үшін соғылған жалғыз голды Рамазан Кәрімов салған. 

Матчтің 26-минутында алғашқы голды алаң иелері соқты. Немістің "Штутгарт" клубының ойыншысы Лео Зауэр мергендігімен көзге түсті. Кейін, 35-минутта Қазақстан есепті теңестірді. Екінші таймда өте тартысты ойын болды. Дегенмен, 82-минутта Словакия бұрыштама добын орындау мүмкіндігіне ие болып, мадридтік "Атлетико" сапында өнер көрсететін Давид Ганцко қақпаға баспен дәл соққы жасады. 

Айта кетейік, Словакия құрамасын қазақстандық футболмен жақсы таныс маман жаттықтырады. Владимир Вайсс 2012–2015 жылдар аралығында "Қайратта" жұмыс істеп, алматылық клубпен бірге Қазақстанның екі кубогін жеңіп алған.

Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы матчтағы бастапқы құрамы: 

Стас Покатилов (Қ), Арсен Әшірбек, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Наурызбек Жагоров, Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман, Исмаил Бекболат, Жасұлан Әмір, Станислав Басманов, Рамазан Кәрімов.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысып, әйел адам қаза тапты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Ақкөл ауданында қайғылы оқиға болды. Мас күйде болған әйел сәбиін емізіп отырып ұйы...