Кім қай клубты алды?: Футбол клубтарын елімізге белгілі олигархтар сатып алып жатыр

Фото: ЖИ

СПОРТ
689

Қазақстандағы қазір мемлекетке тиесілі футбол клубтары жақын арада жеке инвесторлардың қолына өтуі мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мемлекеттік органдарға футбол клубтарын жекешелендіруді тапсырған еді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабына қарағанда, Президент тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар нәтижесін бере бастады.

Қазірдің өзінде футбол командаларын сатып алуға ниетті жеке компаниялар мен ірі бизнес өкілдері табылған.

«Орталық Азия жанармай-энергетикалық компаниясы» АҚ (Сергей Кан) «Қызыл-Жар» клубын сатып алуға қызығушылық білдірді; Freedom Finance (Тимур Турлов) «Шахтер» клубына арналған жаңа стадион мен академия салуды көздеп отыр. Kaspi Group (Михаил Ломтадзе) – «Жеңіс» клубын сатып алып, Астанада футбол инфрақұрылымын дамытуға ниетті. TAU GROUP LTD (Ислам Қозбақов) «Қайсар» клубын сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Тараз», «Елімай» және «Ертіс» клубтары бойынша да келіссөздер жүріп жатыр. Процесті жеделдету үшін Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарын жаңартып, құжатты мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде, - делінген Премьер-министрдің жауабында.
Алайда бұл қаражаттың жұмсалуы мұқият тексеріліп жатыр.

Әзірше клубтар әлі сатылмаған, сондықтан олар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. 2025 жылға футболға 34,9 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 31,8 млрд теңге – кәсіби клубтарға, 3,1 млрд теңге – балалар және бұқаралық спортқа бағытталған.

"2021-2025 жылдар аралығында жүргізілген аудит нәтижесінде 12-ден астам тексеріс өтті. 100-ден астам заңбұзушылық анықталды, оның ішінде артық смета, қайталанған қызметтер мен тиімсіз шығындар бар. «Ақтөбе» және «Қызыл-Жар» клубтарында сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Мысалы, Ақтөбе облысының прокуратурасы 250 млн теңгеден астам қаржының мақсатсыз жұмсалғанын анықтады. Оның ішінде ойыншыларға негізсіз бонус төлеу мен мердігерлердің бағаны көтеріп көрсетуі бар", - деп жазылған ресми жауапта. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...