Бұрын «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасында ойнаған әйгілі вингер Луиш Нани &la...
Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Азиадада қола алды
Фото: ҚР ТСМ Дене шынықтыру комитеті
170
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен екі дүркін әлем чемпионы жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Филиппин өкілі Карло Пааламмен кездесті.
Үш раунд бойы жоғары қарқында өткен тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Карло Паалам 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Махмұд Сабырхан финалға шыға алмай, Азиада-2026 ойындарын қола жүлдемен аяқтады.
Қазақстандық боксшылардың жарысы жалғасады. 70 келі салмақта Төрехан Сабырхан да шаршы алаңға шығады.