Әйелдер боксында басы дауға қалған Алжир боксшысы чемпион атанды

Фото: sport-express.ru

Спорт
503

Париж Олимпиадасында әйелдер боксында басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф 66 келіде чемпион атанды, деп жазады madeniportal.kz 1bol.kz порталына сілтеме жасап. 

Ол финалдық сында Қытай боксшысы Янг Луиді төрешілердің бірауыздан шешімімен (5:0 есебімен) ұтты.

Иман Хелиф есімі Париж Олимпиадасында кең талқыға түсіп, әлемдік БАҚ-тар ол туралы көп жазды. Өйткені, түрі мен дене бітімі ер адамға ұқсайтын боксшыны трансгендер болуы мүмкін дегендердің қарасы көп.

Онымен бірінші айналымда сынға түскен Италия өкілі Анжела Карини алғашқы раундта-ақ кездесуді тоқтатып, ер адаммен жұдырықтаспайтынын айтқан.

Бір қызығы, 2023 жылғы әлем чемпионатына Иман Хелиф қатыстырылмады. Ұйымдастырушылар оны гендерлік тестті тапсыра алмағанын айтқан, яғни ағзасында еркектің гормоны көп болған. Соған қарамастан, ХОК оны Олимпиадаға еш кедергісіз жіберді.

Әлемдік БАҚ-тар Хелифтің бұрынғы еркек екенін жаппай жазып жатқанда оның әкесі мәлімдеме жасап, қызының кішкентай кездегі фотосуреттері мен туу туралы куәлігін көрсетті. Десе де, оның жынысына қатысты пікірлер әлі толастамай отыр.

Иман Хелиф ширек финалда Венгрия боксшысы Лука Хамириді 5:0 есебімен, ал жартылай финалда Тайлан бкосшысын да айқын басымдықпен жеңді.

Алжир боксшысы 1999 жылы 2 мамырда дүниеге келген. Ол 2022 жылы Африка чемпионатында, 2023 жылы Араб ойындарында топ жарған. Әйелдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...