Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» қарсыласы анықталды

Фото: инстаграм парақшасынан

СПОРТ
1108

Алматылық «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалында Испанияның «Картахена» командасымен ойнайды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport тілшісіне сілтеме жасап.

Бұл дүбірлі доп додасының финалдық кезеңіне өткен командалардың бәрі де кілең мықты ойыншылардан жасақталғанын айта кету керек.

Егер жартылай финалда алматылық ұжым қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жеткен жағдайда ақтық сында «Пальма» (Испания) мен «Спортинг» (Португалия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Жартылай финалдың кездесулері 2 мамырға белгіленген. Финал 4 мамырда өтеді. 

Алматылық команда бұл дүбірлі доп додасында 20 рет бақ сынаған. Сөйтіп Еуропа құрлығындағы футзал командалары арасында абсолютті рекордты тіркеді.

2012-2013, 2014-2015 жылдардағы маусымда «Қайраттың» футболшылары Чемпиондар лигасында топ жарып, екі рет жеңіс тұғырына көтерілген.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...