«Айқайлап тұрып Әнұран айтқан»: 7 сынып оқушысы бокстан Азия чемпионы атанды

Әлеуметтік желіден алынды

СПОРТ
1035

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Азия чемпионы атанған мектеп оқушысы туралы айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Аслан Қаженов мектеп оқушысының патриоттығын ерекше атап өтті.

«Тағы бір Төрехан өсіп келеді... Азия чемпионатында топ жарған Дамир Жаншылықов көпшілікті сүйісіндірді. Қазақ баласының өз-өзін ұстауы, ширақ қимылдары және жеңгендегі эмоциясы өте керемет. Жеңіс тұғырына тақиясын киіп шығып, айқайлап тұрып әнұран айтқаны қандай?! Әрине, тіл-көзіміз тасқа. Қазақтың даласында осындай талантты балалар шығып жатқаны қуантты», - деді журналист.

Сонымен қатар, ол Дамир Жаншылықовты Төрехан Сабырханға ұқсатты.

Көпшіліктің сұрауымен Дамир туралы аз-кем ізденіп көрдім. Ол Алматы облысы Райымбек ауылында тұрады. 13жаста. Жетінші сыныпта оқиды. Былтыр Алматы қаласындағы республикалық спорттық мектеп-интернатқа түсіп, сол жақта шеберлік шыңдап жүр. Жеке бапкері - Ерлан Билібеков. Айтпақшы, Дамир Төрехан Сабырханға қатты еліктейді екен. Шаршы алаңдағы іс-қимылдарын, тіпті, ринг сыртындағы жүріс-тұрысын да ұқсатуға тырысады. Арманы, әрине, Әлем және Олимпиада чемпионы болу. Кеше World Boxing ұйымдастырған алғашқы Азия чемпионатында алғашқы алтынды жеңіп алып, тарихи нәтиже тіркеді. Алдағы уақытта да тарихты жаңғырта береді деп сенеміз. Сәттілік!», - деді Аслан Қаженов.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана-Павлодар автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Олардың төртеуін жедел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған азамат заң алдында жа...