Бүгін Парижде Паралимпиада ойындары басталды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

СПОРТ
2457

Франция елінің астанасы Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары басталды, деп хабарлайды madeniportal.kz

Кеше түнде Паралимпиаданың ашылу салтанаты өтіп, Қазақстанның туын Берік Ізмағанбетов (параволейбол) мен Севда Алиева (нысана көздеу) көтеріп шықты. 

Парижде Олимпиада ойындары үш рет өтті, ал Паралимпиада ойындары алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. 

Жарысқа 4 400 параспортшы қатысады деп күтілуде. Оларды 2 500 адам алып жүреді. Барлығы 22 спорт түрінен үздіктер анықталады. Жарыс 11 күнге созылады. 

Биылғы Паралимпиада ойындарына жаңа спорт түрлері қосылмаған. 

Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, каноэде есу, пара таэквондо, отырып волейбол ойнау, пара ату, үстел теннисі, пара дзюдо сияқты 9 спорт түрінен 44 спортшы жүлдеге таласады.

Айта кетейік, додаға Паралимпиада ойындарының чемпиондары Зүлфия Ғабидуллина мен Давид Дегтярев, Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері Раушан Қойшыбаева (күміс) мен Нұрдәулет Жұмағали (қола) да қатысып, тағы бір мәрте жүлдеге таласатын болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...