“10 миллион теңге айлық алып көрген жоқпын“. Қазақстан футболшысы қанша айлық алады?

Фото: ашық дереккөзден

СПОРТ
2483

Қазақстандық футболшы Бағдат Қайыров Нұрсұлтан Құрманның подкасында келіп сұхбат берген. Алайда нақты айлығын айта алмайтынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Айына 10 миллион теңге айлық алып көрген жоқпын. Айлық негізінен ойыншының әлеуетіне қарап берілетін шығар. Егер ол жас, бірақ оны шетелге сатып, пайда көруге болатын болса, ол да ескеріледі. Кейбір ойыншылардың тәжірибесіне қарайды", - деді ол. 

"Сенің айлығың 5 миллион теңгеге де жетпей ме?" деп нақтылағанда, футболшы: "Жоқ, ондай айлық алмаймын" деп жауап берді.

Еске салайық, Бағдат Қайыров ұлттық құрама сапында 17 матч өткізіп, бірақ Норвегия мен Словения құрамаларына қарсы кездесулерге шақыртылған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...