Ақмолада мотоцикл мінген келіншек жантүршігерлік жағдайда мерт болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2261

Ақмола облысында мотоцикл мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 25 сәуір күні Тайтөбе ауылында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Жұбанов көшесіне бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан мотоциклмен соқтығысқан.

Мотоциклде 31 жастағы ауыл тұрғыны және оның 28 жастағы жұбайы болған. Екеуі де ауыр жағдайда Астанадағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізілді.

«26 сәуір күні мотоциклдің жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

СПОРТ

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүл...

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" мамандары 1, 2 және 3 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Made...