Әлем чемпионатында өзбек футболшысының голы ең үздік деп танылды

Фото: Getty Images

СПОРТ
458

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродовтың Конго Демократиялық Республикасына қарсы матчта соққан голы үздік деп танылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ФИФА-ның ресми сайтының хабарлауынша, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең үздік голды өзбек футболшысы соққан.

Шомуродов К тобындағы үшінші тур матчында есепті 10-минутта ашты. Ол Ақмал Мозговойдың пасынан кейін өткір бұрыштан қақпашы Лионель Мпаси-Нзоны алдап өтіп, әдемі гол соқты.

ФИФА ұйымдастырған дауыс беруде бұл гол 36% дауыс жинап, бірінші орынға шықты. Екінші орынға Марокко қақпасына гол соққан Гаити шабуылшысы Вильсон Изидор ие болып, 26,5% дауыс жинады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Замбоанга қаласында мектептердің бірінде атыс болып, екі оқушы қаза тапты, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза...