Әлемге әйгілі әнші қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының өнерін парақшасында бөлісті

Фото: sn.kz коллажы

СПОРТ
1052

Әлемге әйгілі әнші Николь Шерзингер Италияда өткен Олимпиада ойындарындағы өнерінен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның өнер көрсеткен сәтін парақшасында бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер әлеуметтік желідегі парақшасында Софьяның өнер көрсеткен сәтін жариялап, оның бағдарламасына тәнті болғанын жазды. Сондай-ақ әнгілі әнші Софьяның еркін бағдарламасында пайдаланылған Эндрю Ллойд Уэббердің “Сансет бульвары” мюзикліндегі әнді орындауы арқылы танымал екенін де айта кеткен жөн.

“Олимпиада 2026 ойындарында “Сансет бульвары” бағдарламасымен өнер көрсеткен Қазақстаннан Софья Самоделкинаға рақмет”, – деп жазды Шерзингер.

Әншінің бұл жазбасына Софьяның өзі де жауап берді. 

“Құдайым! Керемет музыка үшін рақмет! Мен сені жақсы көремін”, – деп жазды эмоциясына ерік берген отандасымыз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында &laq...

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...