Алтыннан небәрі 1 келі айырды: Алексей Чуркин әлем рекордын жаңартты

Фото: ҚР ТСМ Спорт комитеті

СПОРТ
436

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында әлем рекордын жаңартып, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz .

Аичи префектурасында өткен ауыр атлетика бәсекесінде Чуркин 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде алғашқы мүмкіндігінің өзінде 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Серпе көтеру жаттығуынан кейін Чуркин қоссайыс қорытындысында 378 келі нәтижемен екінші орынға тұрақтады.

Алтын медаль Солтүстік Корея өкілі Кванг Риол Роға бұйырды. Ол қоссайыста 379 келіні көтеріп, қазақстандық спортшыдан небәрі 1 келіге озып кетті.

Қытайлық Шуннан Чен 374 келі нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Алексей Чуркин Азия ойындарының күміс жүлдегері атанып қана қоймай, жұлқа көтеруде әлемдік рекордты жаңартты.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Қайрат Нұртас Қызылордада өткен концертінде күтпеген жағдайға тап болды. Өнер иесі са...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда әрбір 1000 тірі туған нәрестенің үшеуі шетінеп кетеді. Бұл көрсеткішті одан әрі төменд...