Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнайтын соңғы қазақстандық

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

СПОРТ
238

Бүгін, 25 тамызда қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының ортақ кезеңіне жолдама алу үшін бағын сынайды. Әзербайжандық "Сабах" клубының қақпашысы - Еуропаның басты турнирінде қалған Қазақстанның соңғы өкілі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Сабах" Израильдің "Хапоэль" командасымен кездеседі. Алғашқы ойын 2:1 есебімен израильдіктердің пайдасына аяқталды, алайда қарымта кездесу Бакуде өтеді.

Айта кетейік, "Сабахтың" негізгі қақпашысы әрі капитаны - Қазақстан құрамасының ойыншысы Стас Покатилов.

"Қайрат" Чемпиондар лигасынан болгариялық "Левскиден" ұтылып шығып қалғаннан кейін, биылғы күзде ешбір қазақстандық команда басты еурокубокке қатыспайды. 

Ал шетелде ойнайтын қазақстандықтарға келер болсақ, олар не еурокубоктерден шеттетілген ресейлік клубтарда өнер көрсетеді, не мәртебесі бойынша әлі Чемпиондар лигасына қатыса алмайтын командаларда ойнайды.

Айта кетейік, Покатилов "Сабахқа" 2025 жылдың қаңтарында "Тобылдан" ауысып барып, бірден команданың негізгі қақпашысына айналды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...