Елена Рыбакина Бейжің турнирінде жарыс жолынан шығып қалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1018

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 66-орында тұрған германиялық Ева Лиспен шеберлік байқасты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бірінші партияда германиялық спортшы 3:1 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестірді – 3:3. Алайда бұдан кейін Лис қатарынан үш геймді алды.

Екінші сетте Елена айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Үшінші, шешуші сетте Лис тағы да 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші алысқа ұзатпады - 2:2. Есеп 3:3 болғанда, Рыбакина брейк жасағанымен, сол бойда өз геймін беріп қойды – 4:4. Содан кейін Лис үшінші матчболын мүлт жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 8 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Лис 1 эйс, 7 брейкпен (20 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Елена Рыбакина Бейжіңдегі жарыс жолын аяқтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...