Аргентина Әлем чемпионатының финалынан шеттетілуі мүмкін

Фото: Getty Images

СПОРТ
1116

Бүгін ғана Әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шыққан Аргентина командасы финалдан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Матч аяқталғаннан кейін Лионель Скалонидің шәкірттері алаңда саяси мазмұндағы баннер көтеріп, жеңісті атап өтті. Баннерде «Las Malvinas son Argentinas» («Мальвин (Фолкленд) аралдары – Аргентинаныкі») деген жазу болған.

Осы әрекетке байланысты Аргентина құрамасы тәртіптік жазаға ұшырауы мүмкін деген ақпарат тарады. Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) оқиғаға қатысты тәртіптік іс қозғау мәселесін қарастырып жатқаны хабарланды.

Даулы жағдай АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жартылай финалдан кейін орын алды. Англияны тізе бүктірген аргентиналық футболшылардың саяси сипаттағы баннерді алаңға алып шығуы халықаралық футбол қауымдастығында қызу талқылануда.

Егер ФИФА бұл әрекетті өз ережелерін бұзу деп таныса, Аргентина құрамасына қатысты тәртіптік шара қолданылуы ықтимал. Дегенмен, әзірге ұйым бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Халық Конституциясы елімізде ауқымды өзгерістердің басталуына негіз болды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түнгі сағат 01:00 шамасында туған күн тойлап отырған отбасының шырқын ауласына кірген жеңіл көлік бұ...