Боксшы Жанқош Тұраров қазақстандықтарды тағы да шулатпақ

Әлеуметтік желіден алынды

СПОРТ
2574

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz сайтына сілтеме жасап.

WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған оның алдағы жекпе-жекте кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйекте AllStarsBoxing кешінде венесуэлалық Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасып, IBO World және WBA World Gold титулдарын қорғайды.

Еске сала кетсек, бұл кездесу жеңілістің дәмін татпаған қос кәсіпқой боксшы арасындағы жекпе-жек болмақ.

Жанқош Тұраров – шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шығарды. Ол 2 жыл 3 ай мерз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылып, оған 50 адам кіретін болады. Жаңа алаңда заң жобалары қабы...