Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында алтыншы тур ойындары басталады

Фото: f.c.kairat

СПОРТ
95

Алтыншы турдағы ойындар 18 және 19 сәуір күндеріне белгіленген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бүгін, 18 сәуірде төрт кездесу өткізілсе, 19 сәуірде төрт ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, VI тур ойындары:

18 сәуір

15:00. «Ертіс» - «Жетісу»

17:00. «Елімай» - «Астана»

18:00. «Қайрат» - «Каспий»

19:00. «Ордабасы» - «Оқжетпес».

19 сәуір

15:00. «Ұлытау» - «Тобыл»

16:00. «Атырау» - «Қызылжар»

17:00. «Жеңіс» - «Ақтөбе»

19:00. «Қайсар» - «Алтай».

Бесінші турдан кейін «Қайрат», «Елімай» мен «Оқжетпес» клубтары 11 ұпаймен көш басында келеді. Одан кейінгі орындардағы «Ордабасының» 8 ұпайы бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарбаздарға казармада ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...

PESTEL

Иранның Азаматтық авиация басқармасы 18 сәуір таңынан бастап елдің әуе кеңістігі ішінара ашылғанын м...