Азия ойындарында бокстан ел намысын кімдер қорғайды?

Фото: ЖИ

СПОРТ
87

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте Нишио қаласы, Айчи префектурасында басталады. Жартылай финал кездесулері 29-30 қыркүйекке бекітілген. Ақтық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.

Құрлықтық додаға Қазақстан атынан 11 боксшы қатысады. Ерлер құрамасы алты, әйелдер құрамасы бес салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ерлер құрамасы:

55 келі — Махмұд Сабырхан; 60 келі — Оразбек Асылқұлов; 70 келі — Төрехан Сабырхан; 80 келі — Сабыржан Аққалықов; 90 келі — Нұрбек Оралбай; 90 келіден жоғары — Айбек Оралбай.

Ерлер құрамасының бас бапкері — Нұржан Насанов.

Әйелдер құрамасы:

51 келі — Алуа Балқыбекова; 54 келі — Назым Қызайбай; 60 келі — Виктория Графеева; 65 келі — Аида Әбікеева; 75 келі — Наталья Богданова.

Әйелдер құрамасын Елдос Сайдалин бастап барады.

Азия ойындары қарсаңында қазақстандық боксшылар бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, дайындықтың қорытынды кезеңін Жапонияда өткізеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қайғылы жағдай болып, 64 жастағы ер адам оқ тиіп қаза тапты. Оқиғағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқы...