Бокстан Қазақстан 8 Олимпиадада қанша медаль жеңіп алды

Фото: olympics.com

Спорт
396

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары жарыстарын толығымен аяқтады, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Париж Олимпиадасы қазақ боксшылары үшін аса бір сәтті бола қоймағаны анық. Кемі «бір алтын, 2 күміс, 3 қола аламыз» деген бапкерлердің жоспары орындала қойған жоқ. Ерлер құрамасы жалғыз күміспен, ал әйелдер құрамасы жалғыз қоламен елге қайтты. Осылайша, Қазақстан боксшылары соңғы екі Олимпиада ойындарын алтын медальсіз аяқтап отыр.

Осы орайда, қазақ боксшылары тәуелсіз Қазақстан құрамасы ретінде қатысқан 8 Олимпиада ойындарында қанша жүлде, қандай медаль алғанын естеріңізге тағы бір мәрте сала кеткенді жөн санап отырмыз.

Олимпиада ойындарында Қазақстан бокстан алған медальдер:

Атланта - 1996:

Василий Жиров — алтын (81 кг)
Болат Жұмаділов — күміс (51 кг)
Ермахан Ибраимов — қола (71 кг)
Болат Ниязымбетов — қола (63,5 кг)

Сидней-2000:

Бекзат Саттарханов — алтын (57 кг)
Ермахан Ибраимов — алтын (71 кг)
Болат Жұмаділов — күміс (51 кг)
Мұхтархан Ділдәбеков — күміс (91+ кг)

Афины-2004:

Бақтияр Артаев — алтын (69 кг)
Геннадий Головкин — күміс (75 кг)
Серік Елеуов — қола (60 кг)

Пекин-2008:

Бақыт Сәрсекбаев — алтын (69 кг)
Еркебұлан Шынәлиев — қола (81 кг)

Лондон-2012:

Серік Сәпиев — алтын (69 кг)
Әділбек Ниязымбетов — күміс (81 кг)
Иван Дычко — қола (91+ кг)
Марина Вольнова — қола (75 кг)

Рио-2016:

Данияр Елеусінов — алтын (69 кг)
Әділбек Ниязымбетов — күміс (81 кг)
Василий Левит — күміс (91 кг)
Иван Дычко — қола (91+ кг)
Дариға Шәкімова — қола (75 кг)

Токио-2020:

Сәкен Бибосынов — қола (51 кг)
Қамшыбек Қоңқабаев — қола (91+ кг)

Париж-2024:

Назым Қызайбай — қола (50 кг)
Нұрбек Оралбай — күміс (80) 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...