Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2144

Биылғы Париж Олимпиадасында 5-орыннан көрінген Әбиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды, деп хабарлады madeniportal.kz Ulyssport.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болдым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», — дейді Әбиба Әбужақынова.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың еншісінде әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі бар. Ол 48 келі салмақта күреседі. Атырау облысының атынан Париж Олимпиадасына қатысқан ол қола жүлде үшін белдесуде швед палуанынан ұтылып қалды. Дегенмен, төртжылдық додада 5-орынға тұрақтады.

«Менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін», — деген еді Париж Олимпиадасындағы сәтсіздігінен кейін Әбиба Әбужақынова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...