Аяқкиімі «алтыннан» айырды: Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылды

Фото: ҚР ҰОК

СПОРТ
1252

Қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында марафон қашықтығына спорттық жүрістен жеңіп алған алтын медалінен айырылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол жарыста мәреге бірінші болып жеткен еді. Алайда сайыстан кейін спортшының нәтижесіне шағым түсіп, World Athletics оның жарыста киген аяқкиімін тексерді.

Тексеру нәтижесінде аяқкиімнің жарыс регламентіндегі талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып, Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылды. Осылайша, қазақстандық спортшы жарыстан шеттетіліп, алтын медаль Қытай өкіліне берілді.

Жарыстың жаңартылған қорытындысын ұйымдастыру комитеті ресми түрде бекітті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....