Жанкүйер бөтелке лақтырған:Бапкер ЧЛ матчінен кейін отставкаға кетті

Фото: видеодан скриншот

СПОРТ
157

Түркиялық "Фенербахче" бапкері Исмаил Картал Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойын тең аяқталғаннан кейін "команда үшін" клубтан кететінін мәлімдеді. Ойын кезінде жанкүйерлердің бірі тәлімгерге бөтелке лақтырған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.  

"Фенербахче" мен италиялық "Рома" арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Картал командадан кететінін айтты.

"Мен мұнда үш ай болдым. Маусым басынан бері командамен өткізген жаттығулар мен жиындардың, сондай-ақ клуб президенті мен басшылығының жан-жақты қолдауының арқасында біз тамаша сәттерді өткердік. Бүгін кешке ойыншыларымды құттықтай отырып, өз қызметімнен кетемін.

Маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерге, баспасөз өкілдеріне, бапкерлер штабының мүшелеріне және ойыншыларға шынайы алғысымды білдіремін. Сұрақтарға жауап бермеймін. Бүгін кешке мен өз өкілеттігімді тоқтаттым. Бұл шешімді клубқа жаңа мүмкіндіктер ашу үшін командамен бірге қабылдадық. Мен "Фенербахче", менің ойыншыларым және жаңа бапкерлер штабына жол ашу үшін отставкаға кетіп жатырмын", - деп мәлімдеді ол.

Маманның бұл шешімі күтпеген жағдай болғаны соншалық, команданың белді ойыншыларының бірі Арчи Браун журналист отставка туралы сұрақ қойғанда аң-таң болды.

"Нені меңзеп тұрсыз?" - деп ол журналистен қайталап сұрады. 

Көп ұзамай клуб басшылығының да реакциясы белгілі болды. "Фенербахче" президенті Азиз Йылдырым отставканы қабылдаудан бас тартты.

"Отставка туралы шешімнен ешқайсымыз хабардар болған жоқпыз. Исмаил Картал бас бапкер болып қалады. Бүкіл "Фенербахче" қауымдастығы оны қолдауы тиіс. Мен кеткенше, Исмаил Картал "Фенербахченің" бас бапкері", - деп мәлімдеді клуб басшысы. 

Ойыннан кейін "Фенербахченің" қосалқы құрамы отыратын орындықтың артында отырған жанкүйер бапкерге бөтелке лақтырғаны түсірілген видеолар пайда болды. Клуб президенті де бапкердің мұндай эмоционалды мәлімдеме жасауына осы жағдай себеп болуы мүмкін екенін меңзеді.

"Жаңа ғана Исмаил Карталмен сөйлестім. Ол бөтелкеге қатысты оқиғаны, сол қысымды айтты. Ол "дәрі ішіп жүрмін" деді", - деп келтірді БАҚ Йылдырымның сөзін. 

Бұл ретте ол жанкүйер кім екені анықталғанын және оған стадионға келуге өмір бойына тыйым салынатынын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысының Құлсары қаласында жаңа оқу жылының басында 1200 орындық №26 мектеп ашылды. Мектепті...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде мәйітті компьютерлік томография арқылы зерттеу...