Қазақстандық жеңілмеген UFC файтері Шавкат Рахмоновтың октагонға қайта оралуы кейінге шегерілуі мүмк...
Дастан Сәтпаев “Бернли” сапында неге алаңға шықпады?
Фото: әлеуметтік желіден
Англияның "Бернли" клубында ойнайтын Дастан Сәтпаев кеше, 13 қазанда "Чарльтон" командасына қарсы матчқа шықпады. Тіпті "Бернлидің" қосалқы құрамында да болмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Дастанның ойынын күтіп жүрген жанкүйерлерге бұл күтпеген жағдай болды.
"Бернли" клубы жайлы жазатын Burnley Express-тің журналисі Мэтт Скрафтонның ақпаратынша, лондондық "Челси" клубы Дастанның алаңға шығуына рұқсат етпеген. "Челсидің" медициналық штабы Дастанның жарақаты асқынып кете ме деп қауіптенеді. Сондықтан "Бернли" Дастанды қатты қинап жібермеуі керек деген. Дастан бірнеше апта бұрын жарақат алып, қазір емделіп жүр.
Дастан "Челсидің" ойыншысы. Биыл "Челси" оны "Бернли" клубына жалға берген. Ал "Челси" Англия премьер-лигасында, ал "Бернли" екінші деңгейдегі Чемпионшипте ойнайды.
"Челсидің" шектеу қойса, демек, лондондық команда Дастанға көп үміт артып отырғаны деп түсінеміз. Сондай-ақ, Бернлидің келесі матчында Дастан Сәтпаев алаңға қайта оралады деп күтілуде.