Спорттың сегіз түрінен небәрі 19 лицензия бар, бұл өте аз – министр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2496

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Біздің үмітіміз лицензияларға байланысты. Өкінішке қарай, бүгінде бізде спорттың сегіз түрінен небәрі 19 лицензия бар, бұл өте аз. Мысалы, Токиоға дейін бізде спорттың 15 түрінен 30-дан астам лицензия болған», деді Ермек Маржықпаев.

Министрдің айтуынша, жағдайды жақсартуға әлі де үміт бар.

«Алда әлі 70 лицензиялық турнир бар, біз оны қуып жетуге тырысамыз. Біздің команда барлық Олимпиада ойындарына 100-ден 110-ға дейін қатысушымен қатысты. Уақыт бар, оның орнын толтырамыз», деп қосты министр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...