Спорт журналисі Аслан Каженов қазақ және қырғыз көкпаршылары арасында көкпар ойыны өтпейтіндігін мәл...
“Қалай билесе де жарасады": Демеу Жадыраев пен бапкерінің биі көпшілікті тәнті етті
Боранбек Қоңыратов пен Демеу Жадраев. Скриншот: instagram.com / kaz_wrestling_mode
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері балуан Демеу Жадыраев пен оның бапкері Боранбек Қоңыратовтың биі таспаланған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Тіпті аталмыш бейнежазба әртүрлі платформада миллиондаған қаралым жинап үлгерді.
Видеода грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовтың ерекше биін көруге болады. Кейіннен белгілі болғандай, бұл ешқандай би емес, Боранбек Қоңыратовтың кезінде шәкіртіне дене қыздыру үшін арнайы дайындаған жаттығуы екен. Сол уақыттағы шақты еске алып, бапкері мен шәкірті осы жаттығуды қайталады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға әртүрлі пікір қалдырды: "Қалай билесе де жарасады", "Негізі өте жақсы жаттығу, пайдасы көп", "Жарайсың, баса бер", "Шедевр", "Брейк-данстан да барса орын алады екен ғой", "Керемет би, өте жарасымды", "Бұл би емес, жаттығу".