Қазақстандық жас теннисші ITF турнирінің чемпионы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

СПОРТ
1138

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі жазды.

Финалда 18 жастағы Омарханов өзімен қатарлас германиялық теннисші Макс Шонхаусты (ATP рейтингінде №824) 6:3, 3:6, 6:4 есебімен ұтты. Финалға дейінгі жолында ол турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын жеңіп өтті.

Айта кетейік, Шонхаус – ITF Juniors жүйесі бойынша әлемнің екінші ракеткасы. Ол өткен аптада Тунисте өткен ITF M25 санатындағы турнирдің чемпионы атанған болатын.

Бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби карьерасындағы алғашқы жекелей разрядтағы титулы. Қарағанды теннис мектебінің түлегі спорттық жолын белгілі бапкер Петр Нестеровтың жетекшілігімен бастап, қазір Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін шыңдап жүр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүфтият марқұмдардың бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыруға қатысты түсініктеме берді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин 2026 жылы Абай атындағы әдебиет пен өнер сал...