GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4289

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны туралы ақпарат ресми түрде жарияланды, деп хабарлады "Хабар 24".

8 маусым күні Головкинге қарсы рингке шығуға канадалық боксшы Стив Роллс бел буыпты. DAZN стриминг желісімен ресми серіктес журналист Крис Мэнникс өзінің твиттер парақшасында хабарлады. 

Сонымен қатар, канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 KO) Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілу үшін рингке шықпайтынын айтты. 

«DAZN мен GGG-ге маған осындай тамаша мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін. Мен өзімді осал боксшылардың қатарынанмын деп есептемеймін, Головкин қарапайым адам ғой, екеуміздің арамызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз есімімді орта салмақтағы мықтылардың қатарына қосқым келеді», - деді боксшы. 

Головкин-Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Боксшылардың шайқасына билеттер 27 сәуірден бастап сатылады.

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...