Дастан Сәтпаевтың Англиядағы жалақысы жарияланды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
417

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаевтың Англиядағы жалақысына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Британдық БАҚ-тың жазуынша, шабуылшы ай сайын 14 мың фунт стерлинг көлемінде жалақы алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алайда футболшының жалақысына қатысты келісімшартта назар аударарлық ерекше шарт бар. Ақпаратқа сәйкес, Сәтпаевтың ай сайынғы жалақысының шамамен 12 мың фунты ата-анасының арнайы есепшотына аударылады. Бұл қаражат футболшының жеке қолданысына бірден берілмейді. Сәтпаев жиналған қаражатқа 22 жасқа толғаннан кейін ғана қол жеткізе алады. 

БАҚ мәліметінше, мұндай қаржылық механизм Англиядағы жас футболшылар үшін қалыпты тәжірибелердің бірі саналады. 

Негізгі мақсат — кәмелетке енді толған немесе мансабын енді бастап келе жатқан футболшылардың қомақты табысын орынсыз жұмсап қоюының алдын алу. Сонымен қатар бұл жүйе жас спортшыларды ақшаны дұрыс басқаруға және қаржылық тәртіпке үйретуге бағытталған. 

Дастан Сәтпаев — қазақстандық футболдың ең перспективалы жас ойыншыларының бірі. Оның Англияға ауысуы Қазақстан футболы үшін маңызды оқиғалардың біріне айналды. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында отбасын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің балалар алаңында екі әйел арасында жан...