Испаниялық БАҚ “Қайрат” - “Реал” матчына қатысты пікір білдірді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1085

Испанияның Bola VIP сайты алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Басылымның жазуынша, Хаби Алонсоның командасы үшін Алматыдағы матч күтпеген жерден маңызды кездесуге айналды. Өйткені өткен демалыста «Реал» өз алаңында «Атлетикодан» ойсырай ұтылып, маусымдағы алғашқы жеңілісіне тап болды. Бұған дейін «корольдік клуб» барлық ойында жеңіске жетіп келген еді.

«Сондықтан сейсенбі, 30 қыркүйекте өтетін «Қайратқа» қарсы ойын «Реал» үшін шешуші маңызға ие. Командаға «Атлетико» матчындағы сәтсіздікті ұмыттырып, жаңа жеңістер жолына түсу қажет. Дегенмен бұл сапар жеңіл болмайды. Себебі Мадридтен Алматыға дейінгі қашықтық шамамен 8 мың шақырымды құрайды. Бұған қоса, «Қайрат» матчқа толық бір апта дайындалса, Алонсо шәкірттері тек жексенбіден бастап жаттығу жасай алды», – деп жазады испандық сайт. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...